USD
USD
USD

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің энергетикалық жүйесіне шетелдік жабдықтардың ықтимал қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай жариялады.

төтенше жағдай
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ақ үйдің мәліметінше, шетелдік мемлекеттер мен ұйымдар мұндай жабдықтардың осал тұстарын кибершабуылдар жасау, диверсия ұйымдастыру, қашықтан қол жеткізу және энергия жеткізіліміне кедергі келтіру үшін пайдалануы мүмкін, деп жазады Kazinform.

Жарлыққа сәйкес, АҚШ-тың магистральдық энергетикалық жүйелері үшін ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін кейбір шетелдік электр жабдықтарымен жасалатын мәмілелерге тыйым салынады. Шектеу жабдықтарға ғана емес, онымен байланысты бағдарламалық жасақтамаға, микробағдарламаларға, цифрлық сервистерге, техникалық қызмет көрсетуге де қатысты қолданылмақ.

Электр энергиясына сұраныстың жасанды интеллект, дата-орталықтар және жоғары технологиялық өндіріс салаларының дамуына байланысты өсуі бұл қатерлердің ықтимал салдарын күшейтіп отыр.

Энергетика министріне АҚШ-та бұған дейін орнатылған шетелдік жабдықтарды бақылау өкілеттігі берілді. Қажет болған жағдайда оны анықтау, оқшаулау, бақылау, ажырату, ауыстыру немесе бөлшектеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алайда мұндай шешімдер қабылданған кезде олардың энергиямен жабдықтау сенімділігіне әсері және балама жабдықтардың бар-жоғы ескерілуі тиіс. Сонымен қатар қауіпсіз жабдықтар мен жеткізушілерді алдын ала мақұлдау критерийлері белгіленуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

Сауда министрлігі 17 жанармай құю бекетіндегі бензин сапасын тексеріп жатыр

Бензин сапасын тексеру

Непалдағы су тасқынында хабар-ошарсыз кеткендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Непал

Кәсіпкер көп, спортшы аз: жаңа Құрылтайға кімдер келді?

.