USD
USD
USD

АҚШ-та тұрғын үйдің үстіне метеорит құлады

Джорджия мен көршілес штаттардың жүздеген тұрғыны метеориттің аспанда ұшып, артынша жарылғанын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Метеорит
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. NASA 26 маусымда метеориттің Джорджия штатының үстінен күндізгі уақытта аспаннан ұшып өтіп, кейін жарылғанын растады.

Джорджия университетінің зерттеушілері Макдонодағы үйдің төбесіне құлаған тас сынығын зерттеп, метеориттің түріне қарай 4,56 млрд жыл бұрын пайда болғанын анықтады. Бұл оның Жерден шамамен 20 млн жылға үлкен екенін танытып отыр.

Метеорит ұшып бара жатқанда көлемі мен жылдамдығын тез төмендеткен. Бірақ ол Генри графтығындағы үйдің төбесіне соғылған кезде секундына кемінде 1 км жүрген. Ғимаратқа құлаған сынықтар олардың шығу тегін тексерген ғалымдарға тапсырылды.

Джорджия университетінің геологы Скотт Харрис пен оның командасы оптикалық және электронды микроскоптардың көмегімен метеориттің түрін анықтады. Бұл – жартас метеориттерінің ең көп таралған түрі хандрит болып шықты. NASA мәліметінше, оның жасы – шамамен 4,56 млрд жыл.

Макдоно метеориті деп аталған нысан – Джорджиядан табылған 27-ші метеорит.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы