USD
USD
USD

АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салынуы мүмкін

АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп та TikTok-ты жабуға қарсылық білдіріп, Жоғарғы сотқа өтініш айтқан еді.

Тик ток
Фото: Pinterest.com

Алматы, NEGE. Конгресс бекіткен тиісті заңды елдің Жоғарғы соты бір ауыздан конституцияға сай деп шешім шығарды. Яғни әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу сөз бостандығын шектеу болып саналмайды деген ұйғарым жасады. Ал жаңа заңға сай ертең әлеуметтік желі АҚШ аумағында жұмысын тоқтатуы тиіс. Қосымшаны телефонға жүктеу мүмкін болмайды.

АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп та TikTok-ты жабуға қарсылық білдіріп, Жоғарғы сотқа өтініш айтқан еді. Алайда қолдау таппады. Енді заң бойынша президенттің әлеуметтік желі иесіне тағы үш ай уақыт беруге құқығы бар. Дональд Трамп лауазымына кіріскен күні арнайы қаулы шығаруы мүмкін, дейді сарапшылар.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі