USD
USD
USD

АҚШ-та стюардессамен сөзге келіп қалған Хабиб Нұрмағамбетов рейстен түсірілді

АҚШ-та бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов бортсерікпен сөзге келіп қалғаны үшін рейстен түсірілді

Хабиб Нұрмағамбетов
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. American Airline әуе компаниясына тиесілі ұшақтың ұшар алдында бортсерік төтенше жағдайда шығатын орын маңайына жайғасқан Хабибтен басқа жерге ауысуын өтінген. Нұрмағамбетов бұдан бас тартқан, содан кейін бортсерік әуе компаниясы қызметкерін шақырған. Ал ол өз кезегінде ақырында спортшыны рейстен шығарып тастаған.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода стюардесса Нұрмағамбетовқа апаттық жағдайда шығу есігі маңына отырғызуға рұқсат бере алмайтынын түсіндіріп, өзін тыңдамаған жағдайда рейстен шығаратынын айтады.

«Бұл әділетсіздік қой. Мен анда-мында ауысып жүре алмаймын», – деп жауап берді спортшы.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС