USD
USD
USD

АҚШ-та соғыс ардагерлері Трампқа қарсы шеруге шықты

АҚШ-та соғыс ардагерлері жаппай шеруге шықты, деп хабарлады 24kz.

АҚШ
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Бүкіл Америка бойынша 1200-ден аса наразылық шарасы өтті. Бұған президент Дональд Трамптың Ардагерлер істері жөніндегі департаменттен 80 мың адамды жұмыстан шығару туралы шешімі себеп. Ақ үй әкімшілігі: «Саны көп қызметкерді қысқартып, мекеменің жұмысын оңтайландырамыз», - деп отыр. Алайда жиылған жұрт: «Трамптың бұл шешімі ардагерлерді қолдауға кері әсер етеді», - деп алаңдайды. 

Дэвид Уоткинс, наразылық шарасына қатысушы: 

- Майданнан оралған соң ардагерлерге лайықты құрмет көрсетіліп жатқан жоқ. Мен үшін бұл ақылға қонбайтын дүние. Олар елге қызмет етеді. Жарақат алып, мүгедек болып жатқандары қаншама?! Бірақ құрмет былай тұрсын, қажетті медициналық көмекке де қол жеткізе алмай отыр.


Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.