USD
USD
USD

АҚШ-та мыңдаған адам Трамптың саясатына қарсы шеруге шықты

АҚШ-тың әртүрлі аймақтарында мыңдаған адам көшеге шығып, президент Дональд Трамптың саясатына наразылық білдірді.

наразлық
Фото: Риа Новости

Алматы, NEGE. The New York Times басылымының мәліметінше, Вашингтон мен Чикагодағы қатысушылар саны 5 сәуірдегі акциялармен салыстырғанда аз болған. 19 сәуір, сенбі күні АҚШ астанасында бірнеше мың адам шеруге шықты. Ал ай басында бұл көрсеткіш ондаған мыңға жеткен еді. Дегенмен ұйымдастырушылардың айтуынша, сол күні ел бойынша 700-ден астам наразылық шеруі жоспарланған – Джексонвиллден (Флорида) бастап Лос-Анджелеске дейін. Нью-Йоркте шерушілер Мэдисон-авеню бойындағы 15 кварталды толтырды.

Наразылар Трамптың әрекеттерін азаматтық бостандықтарды бұзды, заң үстемдігін аяқасты етті, иммиграциялық саясатқа шамадан тыс араласты, федералдық деңгейде жаппай жұмыстан босатуларға себепкер болды, сондай-ақ даулы экономикалық шешімдер қабылдады деп айыптады.

Ақ үйдің алдында тұрған шерушілер бірнеше мәрте “Ұят!” деп ұрандатты. Тағы мыңдаған адам Вашингтон монументінен шерулетіп өтті. Олардың арасында Мэриленд штатының тұрғыны Килмар Армандо Абрего Гарсияның заңсыз түрде Сальвадорға депортацияланғаны үшін Трамп әкімшілігін сынға алғандар көп болды. Абрего Гарсия ісі Нью-Йорк, Цинциннати және Чикагодағы шерулерде де көтерілді.

Манхэттендегі наразылық кезінде жұрт жүздеген плакат көтерді. Олардың бірінде: “Әділ сот – әркімнің құқығы!” деп жазылған. Қатысушылар “Халық бірігіп күрессе – оны ешкім жеңе алмайды!” деп ұрандатып жатты.

Қатысушыларды қолдау белгісі ретінде жанынан өтіп бара жатқан екі қабатты туристік автобустар дабыл қағып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Еске сала кетейік, 5 сәуір күні де АҚШ-та Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маскқа қарсы бүкіл ел бойынша мыңдаған адам шеруге шыққан болатын. Сол күндері наразылық акциялары Париж, Рим мен Лондонда да өткен. Мексика мен Канадада да наразылық шаралары жоспарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар