USD
USD
USD

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген

Америка Құрама Штаттарының жоғары оқу орындарына тапсыратын қазақстандық студенттер саны айтарлықтай азайған.

Білім
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұған виза алудың қиындауы себеп болып отыр.

«Жалпы алғанда, мұндай үрдіс байқалады. Бұл ең алдымен оқуға түсушілер санына емес, визалық шектеулерге байланысты. Бұл "Болашақ" бағдарламасынан да көрінеді: конкурс іріктеуінен өтіп, шақырту алғандардың шамамен 30%-ы визаға өтініш береді, бірақ виза ала алмайды. Соның салдарынан біз оларды басқа университеттерге немесе басқа елдерге жіберуге мәжбүрміз. Яғни қабылдаудың қысқаруы үрдісі байқалады», – деді Саясат Нұрбек брифингте.

Бұл ретте, министрдің сөзінше, Қазақстанда ашылған шетелдік университеттердің филиалдарына сұраныс артқан.

«Бұған дейін Қазақстанда 35 мыңнан астам шетелдік студент оқыды, ал биыл біз одан да үлкен лекті күтіп отырмыз. Қазірдің өзінде Қазақстанда ашылған филиалдарға өтініштер өте көп түсіп жатыр. Әсіресе Таяу Шығыстағы университеттерден студенттер жаппай ауысып келуде», – дейді ол.

Министрдің айтуынша, бұл Қазақстанның аймақтық білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайтады.

Қазір оқып жатыр

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жақсылық Омар

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Министр

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

.

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

коммуналдық тарифтер