USD
USD
USD

АҚШ ресми түрде USAID бағдарламаларының 83%-ын жабады

Бұл жайлы Х әлеуметтік желісінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жазды. 

АҚШ
Фото: rfi.fr

Алматы, NEGE. Ақ үй енді жоятын 5200 келісімшарт шеңберінде ондаған миллиард доллар АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне сәйкес жұмсалмады, ал кейбір жағдайда тіпті кері әсерін тигізді, – деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы Рубио Х әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, Конгреспен жүргізілген консультациялардан кейін қалған шамамен 1000 бағдарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің тікелей басқаруына өтеді.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін USAID басшылығында алдағы уақытта өзгерістер болатынын мәлімдеп «Бұл агенттікке бір топ радикалдар-бассыздар басшылық етеді. Біз оларды жұмыстан босатамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз» деген болатын.

USAID азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты. Тәуелсіз агенттіктің жылдық бюджеті 42,8 миллиард доллар.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті