USD
USD
USD

АҚШ пен Иран арасындағы келісімнен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге қол жеткізілгенін мәлімдегеннен кейін мұнай бағасы 81-84 долларға дейін түсті.

 Мұнай бағасы
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Астана, NEGE. CNN мәліметінше, жексенбі күні Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,9%-ға арзандап, барреліне шамамен 84 долларға түссе, америкалық мұнайдың бағасы 4,8%-ға төмендеп, шамамен 81 доллар болды. Егер баға осы деңгейде сақталса, бұл мұнайдың 4 наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіші болмақ.

«Мұнай бағасы соғыс басталған алғашқы аптадан бері алғаш рет барреліне 90 доллардан төмен түсті. Алайда бағаның ақпан айының соңында АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасағанға дейінгі 70 доллардан төмен деңгейге қайта оралуына әлі де біраз уақыт бар», – деп жазады басылым.

Бұл ретте сарапшылар мұнай бағасы әлі ұзақ уақыт бойы айтарлықтай жоғары деңгейде сақталатынын айтады. Баға бастапқыда төмендегенімен, сұраныс қайта артқан кезде, әсіресе стратегиялық қорларды толықтыру басталғаннан кейін қайта көтерілуі мүмкін деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі