USD
USD
USD

АҚШ Колумбия президентінің визасын жойды

АҚШ Мемлекеттік департаменті Колумбия президенті Густаво Петроны Нью-Йоркте өткен палестинаны қолдау митингісі кезінде арандатушылық әрекеттерге барды деп айыптап, оның визасын жойды.

П
Фото: Getty Images

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, колумбиялық лидер америкалық сарбаздарды бұйрықтарға бағынбауға және "зорлық-зомбылыққа итермелеуге" шақырған. Жарияланған бейнежазбаларда Петр мегафон арқылы халыққа үн қатып, АҚШ армиясынан да үлкен халықаралық әскер құруға үндеген.

Колумбия президенті Нью-Йорк көшесінде тұрып, америкалық сарбаздарға бұйрыққа бағынбауға және зорлық-зомбылыққа итермелеуге шақырды. Біз оның ойланбай жасалған және арандатушылық әрекеттеріне байланысты визасын жою туралы шешім қабылдадық, – деп жазды АҚШ Мемлекеттік департаменті X әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ саясаткер Вашингтонның Кариб теңізіндегі іс-әрекетін сынға алды. Оның айтуынша, күдікке ілінген есірткі тасымалдаушы кемелерге жасалған соққылар салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан, олардың арасында колумбиялықтар болуы да мүмкін. Ал Ақ үй бұл операцияның Венесуэламен байланысы бар наркокартельдерге қарсы бағытталғанын мәлімдеді.

Екіжақты қарым-қатынастардың шиеленісуі аясында Трамп әкімшілігі Колумбияны есірткімен күрестегі одақтас мәртебесінен айырған, бірақ экономикалық санкция енгізуден бас тартқан.

Колумбияның ішкі істер министрі Армандо Бенедетти болса, Вашингтон президент Петрдың емес, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың визасын қайтарып алуы керек еді деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ

Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?

Каспий нефть

Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай

Назарбаев

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Мерц