USD
USD
USD

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

АҚШ Иранға қарсы санкцияларды дүйсенбі, 22 маусымнан бастап 60 күнге тоқтатты. Бұған қоса, ресми тұлғалар Ливандағы әскери іс-қимылдар бәсеңдегенін хабарлады.

санкция
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл шешім жаңадан қалыптасып келе жатқан бейбіт келісім аясындағы алғашқы келіссөздер қорытындысы бойынша қабылданды, деп жазады Reuters

Бұған дейін Иран стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеген соң, АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран бұғаз арқылы кеме қатынасына кедергі келтірсе, соғысты қайта бастайтынын айтып, сес көрсеткен еді. Дегенмен дүйсенбі күні бұғаз арқылы танкерлер қозғалысы қайта жанданып, мұнай бағасы тағы төмендей бастады.

Келіссөздерге делдалдық еткен Пәкістан мен Қатар мәліметінше, тараптар өткен аптадағы уақытша келісімді дамыту мақсатында Швейцарияның Бюргеншток тау курортында өткен кездесуде 60 күн ішінде тұрақты келісімге қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын келіскен.

Сондай-ақ олар АҚШ-тың одақтасы Израиль мен Иран қолдайтын «Хезболла» қозғалысы арасындағы Ливандағы қақтығыстарды тоқтату тетігі жөнінде уағдаласты. Бұған қоса, Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін байланыс арнасын ашуға келісті.

Иранға экономикалық көмек көрсету жөніндегі келісімнің алғашқы қадамдарының бірі ретінде АҚШ Қаржы министрлігі санкцияларды 21 тамызға дейін тоқтататынын жариялады. Бұл шешім Тегеранға мұнай мен оған байланысты өнімдерді сатуға және олардың ақысын алуға мүмкіндік береді.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Швейцарияда Иран шенеуніктерімен өткен келіссөздер түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізуге жақсы негіз болғанын айтты. Алайда Иран ядролық бағдарламасына қатысты талқылаулардың басталғанын жоққа шығарды.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан бері оң көзқарасын сақтап келе жатқан Вэнс Тегеран елге ядролық инспекторларды кіргізуге, шетелде бұғатталған активтерін басқару тетіктерін құруға және атысты тоқтату режимін сақтауға келіскенін мәлімдеді.

Алайда Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Бағаи ресми БАҚ-қа берген сұхбатында Иран әзірге ядролық мәселелерді талқыламағанын және ешқандай жаңа міндеттеме алмағанын айтты.

Айта кетейік, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары, сондай-ақ Израильдің Ливанға соққылары мыңдаған адамның өмірін қиып, миллиондаған тұрғынның қоныс аударуына себеп болды. Иранмен соғыс жаһандық нарықтарды да дүрліктіріп, мұнай бағасының өсуіне әкелген еді. Алайда Вэнс келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдегеннен кейін дүйсенбі күні мұнай бағасы 3%-ға төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай

Тасымалдаушының «көмегіне» жүгінген алматылық 60 млн теңге шығынға ұшыраған

алаяқтық

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық

Месси әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлем чемпионаты