Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ келіссөздерден бас тартуы мүмкін: Украина мен Ресейге соңғы мүмкіндік

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізуге қатысты өз ұстанымын алдағы күндері нақты айқындайды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.

УКРАИНА РЕСЕЙ
Фото: NourNews

Рубио NBC телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның келіссөздерге қатысу мәселесі бір апта ішінде шешілетінін атап өтті.

- Бұл тез арада жүзеге асуы керек. Біз нәтижесіз үдерістерге әрі қарай уақыт пен ресурс бөле алмаймыз, - деді ол.

Бұған дейін баспасөз құралдары АҚШ-тың Украина мен Ресейге бейбіт жоспар ұсынғанын жазған. Жоспарға сәйкес, майдан шебі тоқтатылады, Киев НАТО-ға кіруден бас тартады, ал АҚШ Қырымның аннексиясын және Ресейдің оккупациялаған аумақтардағы бақылауын мойындайды. Оның орнына Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері ұсынылады.

Өз кезегінде Украина мен Еуропалық одақ елдері балама жоспар ұсынып, Киевтің қауіпсіздігін күшейту мен елді қалпына келтіруді Ресейдің бұғатталған активтері есебінен жүргізуді талап еткен.

Ресей тарапынан бұл ұсыныстарға қатысты ресми пікір әзірге жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Украина Президенті Владимир Зеленский Римде АҚШ, Франция және Ұлыбритания көшбасшыларымен жеке кездесулер өткізді.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті