USD
USD
USD

АҚШ Қазақстаннан сәлемдемелер қабылдауды уақытша тоқтатты

 АҚШ Қазақстаннан сәлемдемелер қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Қазпошта».

Қазпошта
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Хаттар мен құжаттарды жіберу қалыпты түрде жалғасады», - делінген компания таратқан ақпаратта.

Таратылған мәліметке қарағанда, шектеуді америкалық тарап енгізді және ол көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек бесеуі ғана АҚШ-қа тауары бар сәлемдеме жібере алады.

«Қазпошта» АҚ серіктестермен тұрақты байланыста және қызметті жылдам қалпына келтіру үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр», - деп атап өтеді компаниядан.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан