Референдум Референдум
USD
USD
USD

АҚШ Канада, Мексика және Қытай тауарларына баж салығын енгізді

1 ақпаннан бастап АҚШ-та Канада, Мексика және Қытайдан келетін тауарларға ірі баж салығы салына бастады. Бұл жөнінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді, деп жазды azattyq.org.

Тармп
Фото: Shutterstock

Алматы, NEGE. Мексика мен Канададан импортталатын тауарларға 25 пайыз салық салынса, Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыз салық енгізілді.

Импортқа баж салығын енгізу АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасы кезіндегі ең негізгі пунктердің бірі болған.

Трамп шешімінде көрсетілген импорт Америка экономикасының маңызды бөлігі. АҚШ-тың мұнай өндіру өнеркәсібінің шамамен 20-25 пайызы Канада мұнайын пайдаланады. Канада мұнайының 70 пайызы АҚШ-қа экспортталады. АҚШ-қа импортталатын жеміс-көкөністердің шамамен 64 пайызы Мексикадан келеді.

Ақ үй аталған шара қымбатшылыққа апармас үшін қандай да бір шара қолданылатыны жөнінде айтпады.

Канаданың қазіргі премьер-министрі Джастин Трюдо мұндай шараға дайын екенін және жауап беретінін де мәлімдеді.

Ол алдағы уақытта Канаданы "күрделі күндер мен апта" күтіп тұрғанын айтып, үкімет АҚШ-қа "лайықты жауап береді" деді. Ол баж салығын АҚШ-тың өзіне де, Канадаға керек емес шара деп атады.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум мемлекет баж салығы мәселесін АҚШ-пен тең дәрежеде талқылауға дайын.

"Біз әрдайым халқымыздың абыройын қорғаймыз, егемендігімізді құрметтейміз және тең дәрежеде диалог жүргіземіз. Күтеміз, үнемі айтып жүргенімдей, салқынқандылықпен шешім қабылдаймыз" деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда