USD
USD
USD

АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

АҚШ Қарулы күштері Иранның үш негізгі ядролық нысанына әуеден соққы жасады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, операция Фордо, Натанз және Исфахан кешендеріне қарсы жүзеге асырылып, "өте сәтті" өткен.

Израиль
Фото: Reuters

АЛМАТЫ, NEGE. Президент Truth Social желісінде жариялаған хабарламасында Фордо кешені басты нысана болғанын, оған толық оқ-дәрі қоры тасталғанын жазды.

"Барлық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шығып, сәтті түрде өз базаларына оралды. Бұл – АҚШ, Израиль және бүкіл әлем үшін тарихи сәт. Енді Иран соғысты тоқтатуы тиіс," – деп жазды Трамп.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, шабуылға жерасты нығайтылған нысандарды жоюға арналғанстратегиялық B-2 Spirit бомбалаушылары тартылған. Олар АҚШ-тан ұшып шығып, Гуам аралындағы базадан Иран бағытында соққы жасаған.

Axios басылымы Израиль тарапы операция туралы алдын ала ескертілгенін хабарлады. Алайда, әзірге Израильдің операцияға тікелей қатысқаны туралы ресми ақпарат жоқ.

АҚШ президенті Трамп "Фордо кешені толығымен жойылғанын" айтты. Бұл нысан Иранның ядролық бағдарламасындағы ең қорғалған және стратегиялық маңызы зор объектілердің бірі саналатын. Оның жойылуы аймақтағы әскери және дипломатиялық ахуалды түбегейлі өзгертуі мүмкін.

"Қазір бейбітшілік орнауы тиіс. Егер Иран келісімге келмесе, біз қалған нысандарды санаулы минутта жоя аламыз," – деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Шабуылдан кейін Иран тарапының ресми жауабы әлі жарияланған жоқ. Болжам бойынша, жақын сағаттарда Иран билігі мәлімдеме жасап, алдағы әрекеттерін нақтылайды.

Сонымен қатар, Пәкістан Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынды. Бұл ұсыныс АҚШ-тың қазіргі ұстанымына халықаралық қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

 Республикалық ТКШ Альянсы

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару