USD
USD
USD

АҚШ Гарвард университетіне түсетін шетелдік студенттерге виза беруді қайта бастайды

АҚШ Мемлекеттік департаменті әлем елдеріндегі консулдықтарға Гарвард университетіне оқуға түсетін шетелдік студенттерге виза беруді қайта жандандыру туралы нұсқау берді, деп хабарлайды Синьхуа.

ВИЗА
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. The Washington Post басылымының жазуынша, жұма күні кешке Мемдепартамент алдыңғы күні жарияланған, мұндай өтініштерді қабылдамауға шақырған ережені жойып, жаңа телеграмма таратқан. Бұл шешім судьяның Дональд Трамп әкімшілігіне шетелдік студенттердің елге кіруіне шектеу қоюға тыйым салған үкіміне бір сағатқа жетпейтін уақыт қалғанда қабылданған.

– Консулдық бөлімдер Гарвард университетіне, соның ішінде академиялық алмасу бағдарламалары аясында келетін шетелдік студенттердің виза өтініштерін қайта қарай бастауы тиіс, – деп жазады The Washington Post.

Бұл шешім шетелдік студенттер үшін, әсіресе АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында білім алуды көздейтін жастар үшін оң өзгеріс болмақ.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

 Республикалық ТКШ Альянсы

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару