USD
USD
USD

Ақселеу Сейдімбектің мүсіні сүрілді

Ұлытау облысында халық сынынан кейін Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші ашылғанына бір тәулік өтпей жатып сүрілді, деп хабарлайды "Информбюро".

Ақселеу Сейдімбектің мүсіні сүрілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданында ескерткіші жақында ғана ашылған. Мүсіннің шымылдығы түрілгені сол еді, зиялы қауым өкілдері мен жұртшылық бірден сынға алды. Әсіресе желі қолданушылары "таяғы тізесінен келеді", "аяғын жеп қойыпты" деген сыни пкірлер қалдырған.

“Бұл жерде енді Ақаңды таба алмадық. Төрт жағынан қарадық. Ақаңды таба алмадық. Бет келбеті де, дене тұрқы да мүлде келмейді деп айтуға болады. Ақаң келбетімен ғана емес, жүріс-тұрысымен де ұлттың ұландарына өнеге болатын тұлға еді”,  деді журналист Ерсін Мұсабеков. 

Осы шудан кейін әкімдіктегілер сәтсіз ескеркішті бір тәулікке жеткізбей бұзып тастады. Жаңарқа ауданының әкімдігі орнына сапалы мүсін қайта тұрғызылатынын хабарлады. Белгілі болғандай ғалымның ескерткішін туған-туыстары өздері тапқан белгісіз мүсіншіге жасатыпты. Қаржысын да өздері көтерген.

Біз ол мүсіншінің аты жөнінде білмейміз. Мүсіншіні ағайынымыз өзі тауып, “керемет мүсінші, ол жасап жатыр” деген соң бәріміз сеніп қалып тапсырған едік”, – деді Ақселеу Сейдімбектің ұлы Ернар Сейдімбек. 

Қазір оқып жатыр

«Қызғаныштың кесірі»: Жамбыл облысында медицина қызметкері қаза тапты

адам өлімі

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau