USD
USD
USD

Ақсайда деструктивті діни ағымдағы ер адам әйелді зорламақ болған

Ақсай қаласында бейнекамера жазбасы арқылы әйел адамды зорламақшы болған қылмыскер анықталды.

Ақсайда деструктивті діни ағымдағы ер адам әйелді зорламақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс жасалған аумақта түсірген бейнебақылау камераларының жазбалары көмектесті. 

Қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Ақсай қаласында болған. Сол күні 1991 ж.т. әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жігітті кездестіреді. Ол белгілі бір мекен-жайды айтып, мұны әңгімеге шақырады. Алайда танысу барысы күш қолдануға дейін жетіп, зорламақшы әрекет жасайды. Әйел қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды.  

Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады. 

Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс