Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақпарат саласына қатысты құжат қабылданды

Мәжілісте бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты құжат қабылданды.

Ақпарат саласына қатысты құжат қабылданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, өзгерістер екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Біріншіден, бақылау мен жауапкершілікті күшейту, яғни ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жауапты өкілетті органды анықтау мен оның құзыретін айқындау ескерілген.

Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік органда өкілетті құрылым немесе осы саладағы жауапты қызметкерді белгілеу ұсынылады. Екіншіден, заңның қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік функцияларды орындаушы ұйымдарды ақпарат иелері қатарына жатқызу және квазимемлекеттік сектор мен басқа да ұйымдарды ашық деректерді жариялауға міндеттеу ұсынылады. «Заң жобасына отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша бірқатар түзетулер енгізіледі. Осы орайда мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру ескерілген. Ол үшін салалық ведомствоға республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастырудың бірыңғай тәртібін айқындау бойынша өкілеттік беру ұсынылады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялардың мәртебесін заң жүзінде бекітеді. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік орган өкілдері тең дәрежеде енгізілетін болады», - деп түсіндірді А.Балаева. 

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz