USD
USD
USD

Ақпарат министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын бақылауға  алғанын хабарлады. 

Ақпарат министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook парақшасында пікір білдірді. 

"Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деп жазды.

Еске салайық, қоғам белсендісі 11 тамыз күні ұсталған. Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты