USD
USD
USD

Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Л. Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Шеффилд университетін тәмамдаған. 2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған.

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға