Ақпанда 350 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.
Алматы, NEGE. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.
2023 жылдың 1 ақпандағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
Қазір оқып жатыр
Майқайынсыз «Алтыналмас». Владимир Ким НЕГЕ өзінің сүйікті схемасын қайталады?
ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты проблемалар бар екенін мойындады
Шахматшы Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Алматыны дамыту мәселесі Президент деңгейінде қарастырылуы тиіс – саясаттанушы