Ақпан айында ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстанда ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде, бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады.
Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.
Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.
«Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде аязды және көбінесе аз жауын-шашынды ауа райын шарттайды, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытта ауысуымен республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы күтіледі», – дейді синоптиктер.
Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында ҚР оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
«Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін аяздың әлсіреуі болжанады. Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды. Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасынмен, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі», – дейді мамандар.
Қазір оқып жатыр
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған
CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?
Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты