USD
USD
USD

Ақпан айында шекарада 2 559 заң бұзушы ұсталған

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылдың ақпанындағы жұмыс нәтижелерін жариялады.

Шекара
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы ақпанында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара аумағында 2 559 заң бұзушыны ұстады.

Соның ішінде: 24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды.

Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз заттарды алып өту фактілерінің алды алынды, оның ішінде:

54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 кг жоғары;

20 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);

63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);

330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);

халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;

шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.

Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

9,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

109 дана (454 кг) бекіре тұқымдас балықтар;

39 дана (93 кг) таза тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы 173,5 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана