USD
USD
USD

Ақорда Тоқаевтың Блинкенмен кездесу сәтінен видео жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуі өтті. 

Ақорда Тоқаевтың Блинкенмен кездесу сәтінен видео жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Сіздің сапарыңыз стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қауіпсіздік, энергетика, сауда және инвестиция секілді маңызды стратегиялық салалардағы сенімді әрі ұзақмерзімді серіктестік қатынастарымыз өте жақсы. Сондықтан біз бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайынбыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Құрама Штаттардың тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізді тұрақты түрде берік қолдап келе жатқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Президент.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ Президентінің сәлемін жеткізді.

– 30 жылдан астам уақыт ішінде қол жеткізген елеулі табыстарды екіжақты деңгейде дамыту, серіктестігімізді тереңдету және нығайту маңызды. Тек соңғы жылдары біз осы бағытта маңызды әрі жаңа жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің қарым-қатынастарымыз берік және байланыстарымыз күшейе түседі. Біз осы бағыттан айнымаймыз. Сонымен қатар бүгін Астанада Орталық Азиядағы серіктестердің басын қосқаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға алғыс айтамыз. Әріптестеріміз – сыртқы істер министрлерімен бірге аймақты біріктіруге бағытталған берік әрі тығыз қарым-қатынас жасау, нақты мәселелерге назар аудару жөніндегі жұмыстарға атсалысамыз деп үміттенемін. Бұл Орталық Азия халықтары мен Америка Құрама Штаттарына пайдалы болады деп ойлаймын. Біз ең жоғары деңгейде өзара іс-әрекет жасауға ниеттіміз. Мен осында келгеніме және ынтымақтастығымызды нығайтуға өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын, – деді Энтони Блинкен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Жаеуарларға қатыгездік таныту

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай