USD
USD
USD

Ақназар хан көшесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы Ақназар хан көшесінде орташа жөндеу жұмысы сәуір айында басталған болатын. Бүгінде құрылыстың 50 пайызы аяқталып, пайдалануға беру мерзімі күздің соңғы айына жоспарланған.

Ақназар хан көшесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жөндеу жұмыстарын «Базис-К» ЖШС-і атқаруда. Жалпы ұзындығы 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см болса, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см етіп төселеді.

Бұл көшеде соңғы жөндеу жұмысы 2011 жылы жүргізілген. Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, қаладағы магистралды көшелерді жөндеудің аралық мерзімі бес жылды құрайды.

Зерделеу жұмысы нәтижесінде көшеде бордюрларды ауыстыру қажеттілігі туындаған. Жаңадан төселетін асфальтобетон ескі жолдан 3-4 см жоғары болады. Бордюрдің қауіпсіздік 15 см биіктігін сақтау мақсатында жаңасына ауыстырылады.

Осы жылы қалада барлығы 182 көше орташа жөндеуден өткізілуде.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком