USD
USD
USD

Ақмоланың көпірі «билеп тұр»

Желіде Ақмола облысы Шортанды аулындағы "билеп тұрған көпірдің" видеосы қызу талқыға түсті. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Ақмоланың көпірі «билеп тұр»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеодан КамАЗ жолдан өтіп кеткеннен кейін жол екіге бөлініп, ашық жер пайда болғанын аңғаруға болады.  

«ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі бұл республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан - Щучинск көлік жол айырығы екенін айтты. 

«Ақмола облысы, Шортанды аулындағы 75 шақырымдағы тасжолды пайдалану кезінде эстакададағы металл тақтайшалар арасындағы кеңістік түрінде ақау пайда болды. ҚазАвтоЖол» әкімдік өкілдерімен және Ақмола облысы Шортанды ауданының ТЖД-мен, сондай-ақ «ҚазДорнИИ» АҚ-мен бірлесіп жол өтпесінде комиссиялық тексеру жүргізді"», – деді ведомство өкілдері. 

Комиссия жол өтпесі бойындағы барлық көлік түрінің қозғалысын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Жолды Мықтыкөл және Дамса ауылдары арқылы айналып өтуге болады. Мекеме өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.  

Қазір оқып жатыр

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы