USD
USD
USD

Ақмолалық тұрғын құрбысының шотынан ақша ұрлаған

Ақмолалық тұрғын құрбысының шотынан ақша ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолалық тұрғын құрбысының шотынан ақша ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 наурыз күні Біржан Сал ауданының полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінің 19 жастағы тұрғынынан ағымдағы жылдың 22 қаңтарында белгісіз тұлға оның банктік картасынан 25 мың теңгеден астам сома ақша ұрлағаны туралы шағым түсті. Ол сатып алу ақысын төлегісі келгенде ақшаның жоғалғанын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды.

Ол өтініш берушінің бұрын-соңды істі болмаған 26 жастағы құрбысы болып шықты. Белгілі болғандай, зардап шеккен адамның ұялы телефоны болмаған. Құрбысы одан қарызға ақша сұрағанда, ақмолалық досының телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатып, оның көмегімен қажетті соманы өз шотына аударған. Кейінірек, банктік қосымшаны өшірмеген құрбысы зардап шегушінің рұқсатынсыз пайдаланған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп