USD
USD
USD

Ақмолалық тұрғын ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Ақмолалық тұрғын ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолалық тұрғын ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Бурабай курорттық аймағының аумағында бопсалаумен айналысқан жас жігітті ұстады.

6 шілде күні Бурабай аудандық полициясының кезекші бөліміне 64 жастағы ер адамна 3 шілде күні Щучинск қаласында 100 мың теңге сомасында қаражат бопсалағаны туралы арыз келіп түсті. Нәтижесінде жәбірленуші күдіктіге ақшаны бөліктеп берген. Белгілі болғандай, ер адам адамдарды тасымалдаумен айналысады.

Ол өзі ардагер–интернационалист. 3 шілде күні ол шақыруға келгенде, белгісіз адамдар көліктің салонына секіре кіріп, олардың бірі күш көрсетіп, қауіп төндіріп, ақша талап ете бастаған. Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер Щучинск қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Жігіт өз кінәсін мойындады.

Ол оған ақша керек болғанын және жәбірленушіден алған барлық қаражатты өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы