USD
USD
USD

Ақмолалық тұрғын 9 жылға сотталды  

 Ақмола облысының 35 жастағы тұрғыны бірге тұратын әйелді қызғаныштан өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған.

Ақмолалық тұрғын 9 жылға сотталды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кейін кейін ұрлық жасаған 9 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, Атбасардың 35 жастағы тұрғыны үйінде спирттік ішімдік ішкен. Кейін бірге тұрып жатқан әйел көзіне шөп салғандығын есіне түсіріп, жанжал шығарған. Жатын бөлмедегі әйелді бауыр тұсынан жұдырығымен ұрған. Еденге құлаған оны бетінен және басынан ұруды жалғастырған. Әйел қарсылық танытпай, қимылсыз қалған кезде үйінен кетіп қалған. «Келесі күні қайтып келгенде әйелдің өлгенін байқаған ол, оның денесін сарайдағы жертөлеге тастап, оқиға орнынан із суытқан», – дейді ведомстводан.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйел соққыдан алған бассүйек-мидың жабық жарақатынан, мидың ісінуінен көз жұмған. Ведомстводан атап өткендей, полицияға әйелдің үшті-күйлі жоқ болып кеткендігі туралы ешкім арыз бермеген. Бұл қылмыс ер адам жасаған тағы бір қылмыстан кейін әшкере болды. Күдікті көрші үйге түсіп, металл ыдыстар мен қысқа дайындалған тағамдарды ұрлаған. Сот үкімімен күдікті «Абайсызда адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «Тұрғын үйге кіріп, бөтеннің мүлкін ұрлау» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті