USD
USD
USD

Ақмолалық Қазақстан азаматтығын 20 жылдан кейін алған

Ақмола облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері есепте тұрған 1971 жылы туған Геннадий есімді тұлғаға құжат алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмолалық Қазақстан азаматтығын 20 жылдан кейін алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметі бойынша, Геннадий аудандық соттың үкімімен ол үш жылға бас бостандығынан айырылған. Есепке қою кезінде жазасын өтеушінің құжаттары жоқ және бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінбеген болып шықты. Жазасын өтеу барысында Геннадий алдымен орташа, кейін кәсіби білім алып шықты. Ол сотталмас бұрын Қорғаныс күштерінде әскери борышын да өтепті. Кейін еліне оралып, мал өсірумен айналысқан. 2000 жылы үйі өртеніп, барлық құжаттары жанып кеткен. Тек жеке құжатын ғана қалпына келтіруге мүмкіндік болды. Артыншаиөзі жалғыз қалып, ішімдікке салынған екен. «Жас болғандықтан, құжатты ретке келтіруге жағдай болмады. Жалданып жұмыс істеп күнелттім», - дейді Геннадий, - Қылмысқа да сол мастықпен бардым. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Құжаттарымды өздері рәсімдеп, қалпына келтіріп берді». Ведомстводан атап өткендей, қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Ақкөл аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері Геннадийді жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті