USD
USD
USD

Ақмолалық 1383 түлек ҰБТ тапсырды

Ақмола облысында өтініш білдірген 3718 түлектің бес күн ішінде 1383-і тестілеуден өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының жалпы-орта және мектепке дейінгі білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сүлейменова айтты. 

Ақмолалық 1383 түлек ҰБТ тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бөлім басшысының айтуынша, облыста ҰБТ тапсыратын 11 пункт жұмыс істейді.

Оның үшеуі Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған, онда Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарының түлектері тест тапсыруда. ҰБТ тапсыру барысында санитарлық талаптар қатаң сақталған.

«ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 3718 түлектің бес күн ішінде 1383-і тестілеуден өтті. Қатысушыларды тестілеуге жіберу барысында 11 түлек телефон және шпаргалка әкелгені үшін тестілеуге жіберілмеді. 13 түлек – ереже бұзғаны үшін, екеуі – дене қызуы көтерілгендіктен тестілеуге жіберілмеді», – дейді Айнагүл Сүлейменова.

Ол атап өткендей, ҰБТ тапсырғандардың арасында Степногор қаласындағы №4 негізгі орта мектеп-интернатының түлегі Диас Өндіріс ең жоғары 128 балл жинады.

Өңірде ҰБТ тапсыру он күн бойы маусымның 30-на дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, жалпы биыл Ақмола облысында 4515 түлек мектеп бітірсе, оның 3718 ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

.

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астана