USD
USD
USD

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 05.53-те Көкшетау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында автобус аялдамасына соқтығысқан Mercedes автокөлігінің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіру барысында көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Полиция басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері