Ақмолада карантин шаралары күшейді
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы шықты.
Алматы, NEGE. Оған сәйкес, 7 қараша, сағат 00:00-ден бастап:
– облыс тұрғындары жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін, кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет;
– стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін Ақмола облысының елді мекендерінде жүріп-тұру шектеледі;
– 65 жастан асқан адамдар аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауы қажет;
– отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, дұға жасау) және көпшілік жиналатын өзге де шараларды, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
– жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді;
– азық-түлік дүкендерінің жұмыс тәртібі сағат 09.00–ден 20.00-ге дейін шектеледі;
– Ақмола облысы Полиция департаменті бекіткен тізім бойынша такси қызметінің жүріп-тұруы (салонда 2 адамнан артық емес) сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі;
– келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақтан келетіндей, жалпы алаңы 800 шаршы метрден артық сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылады;
– келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақтан келетіндей азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының (базарлар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері тоқтатылады.
Рұқсат беріледі:
– әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды алгоритмін сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі;
– ғимарат ішінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Сақталуы тиіс талаптар: нысанда көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шаралар өткізілмеуі қажет; бір мезгілде 30 келушіден артық болмауы тиіс; аумағы 30 келушіні орналастыруға есептелмеген нысандар толымдықты 50%-дан асырмауы қажет; үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық сақталуы тиіс; келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтық сақталуы қажет.
– демалыс күндері ҚР БМСД-нің №57-қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс режимін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, тамақ жеткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі.
Қазір оқып жатыр
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған