USD
USD
USD

Ақмолада ер адам тұрғынның көлігіне винтовкадан оқ атты

Ақмолада ер адам тұрғынның көлігіне винтовкадан оқ атты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолада ер адам тұрғынның көлігіне винтовкадан оқ атты
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE. 5 желтоқсада Бұланды АПБ кезекші бөліміне Вознесенка аулының учаскелік полиция инспекторы белгісіз біреу ішінде 24 жастағы ауыл тұрғыны отырған ВАЗ-2110 маркалы автокөлігіне ұсақ калибрлі винтовкадан екі оқ атқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Қаскүнем Вознесенка ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты, одан полицейлер ТОЗ-8 шағын калибрлі мылтығын тәркіледі. Сонымен қатар, оқиға орны мен жәбірленушінің көлігін тексеру кезінде полиция гильзалар тапты.

Қылмыстың себебі жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы жаман қарым-қатынас екендігі анықталды. Бұланды ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев