USD
USD
USD

Ақмолада ақбөкен атқан адам ұсталды

Ақмола облысы Амангелді ауылдық округінің аумағында ақбөкен атып алған адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ақмолада ақбөкен атқан адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорғалжын аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция қызметкерлері күдіктіден тіркелмеген тегіс ұңғылы, бір ұңғылы “ИЖ-16” мылтығын, бес гильзаны тәркіледі.

Ақпаратқа қарағанда, 42 жастағы азамат бұрын 188-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Естеріңізге сала кетсек, ел аумағында ақбөкен және оның бөліктері мен дериваттарын, ғылыми мақсатты қоспағанда, 2023 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды. Заңнамаға сәйкес, киіктерді заңсыз аулағаны, олжалағаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен