USD
USD
USD

Ақмолада көлікте ұйықтаймын деп көмірқышқыл газына уланған жүргізуші құтқарылды

Ақмолада полицейлер көмірқышқыл газынан уланып қалған жүргізушіні аман алып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 20 желтоқсанда Целиноград ауданының Қараөткел ауылында полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Кешкі сағат 21:40 шамасында 70-ші көше бойында орналасқан дүкеннің жанында жол жиегінде тұрған Lada Granta автокөлігін байқап қалған учаскелік инспектор Абылайхан Шалғымбаев әріптестері – Бауыржан Баденов және Бейімбет Алдашпен бірге көлікке жақындады. Көліктің ішінде жүргізушінің ұйықтап жатқанын аңғарған тәртіп сақшылары салоннан шыққан көміртегі тотығының өткір иісін бірден сезді.

Оқиға орнында уақыт оздырмай әрекет еткен полицейлер көліктің барлық есіктерін ашып, ауаны желдетіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер келгенше жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тексеру барысында көлік ішіндегі азаматтың бұл автокөлікті жалға алғаны анықталды. Полицейлер көлік иесімен дереу байланысып, барлық қажетті мәліметтерді нақтылады.

Дәрігерлер келгеннен кейін зардап шегуші көліктен шығарылып, медициналық тексеру мен емдеуге жіберілді. 

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік