USD
USD
USD

Ақмола тұрғыны танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты

Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні тапқан. Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен ол шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан.

Ақмола тұрғыны танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған. Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. 

Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.  

Сондай-ақ полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар таппаған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе