USD
USD
USD

Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орыннан "НЦ-12" маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, "Сайга-410" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді. Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қару жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Қаруды жоғалту немесе ұрлау иесін әртүрлі жауапқа әкеп соғуы мүмкін. Бұндай жағдай болса, дереу полицияға хабарлау керегі айтылды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт