USD
USD
USD

Ақмола облысында жұмысшының өліміне қатысты іс қозғалды

Ақмола облысында жұмысының өліміне байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысында жұмысшының өліміне қатысты іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға қарашаның 18-де Аршалы ауданында болған.

Белгілі болғандай, құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген 57 жастағы астаналық
4 метр биіктіктен құлап, көз жұмған. 

- Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруде, - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі