USD
USD
USD

Ақмола облысында жұмысшы бастығын балтамен шауып өлтірді

 Ақмола облысында ЖШС атқарушы директорының өліміне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында жұмысшы бастығын балтамен шауып өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыр қылмыс сәуірдің 24-де Жарқайың ауданында болған. Бұл туралы сағат 20:10 шамасында аудандық полиция бөліміне телефон арқылы хабарланады. Онда Бірсауат ауылына жақын маңдағы ЖШС аумағында азаптап өлтірілген ер адамның денесі табылғаны айтылған. Кейіннен оның сол ЖШС-нің 1969 жылы туған атқарушы директоры екені белгілі болды. «Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, жедел-тергеу тобы мен полиция бөлімінің басшылығы барды. Қылмыс орнын зерттеу кезінде оның жүк салмағын өлшейтін бөлмеде жасалғаны белгілі болды. Сол жерден қылмыс құралы – балта табылды. ЖШС аумағында тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті 33 жастағы жұмысшыны ұстады.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдікті уақытша изоляторға қамалды», – деді ведомстводан. Полиция департаменті баспасөз қызметінен атап өткендей, алғашқы тергеу іс-шаралары мен ЖШС қызметкерлеріне жүргізілген сауалнамаға сәйкес 21 сәуір күні ЖШС атқарушы директоры Қостанай қаласы тұрғынын дәнекерлеуші ретінде жұмысқа алған. Алайда, екі күннен кейін жаңа жұмысшы денсаулығының нашарлауына шағымданады. Сол себепті жұмыс беруші оны Арқалық қаласындағы емдеу мекемесіне апарады. Қылмыс болған күні ер адам далалық звеноға барып, жәбірленушіге еңбек және өмір сүру жағдайы туралы наразылығын білдіреді. Осы кезде екеуара жанжал болып, жұмысшы бастығын балта және бұрағышпен соққының астына алады. «Қазіргі уақытта тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды, кісі өлтіру қаруы заттай дәлел ретінде алынды», – деп толықтырды ведомстводан. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер