USD
USD
USD

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі қыз Астанадан табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі қыз Астанадан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі қыз Астанадан табылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. 2 қарашада кешкі уақытта Көкшетауда 18 жастағы Диана Ибраева үйінен құрбыларымен кездесуге кетіп, байланыссыз кеткен. Туыстары бірден полицияға жүгінген. Іздеу жұмыстарымен еріктілер айналысып, қыздың суреттерін әлеуметтік желіде таратқан. Бір тәуліктен кейін қызды астанадан да іздей бастаған. 3 қарашада Диана Астанадан табылып, туыстарына табысталды.

Осы секілді іздеу жұмысын Қосшы полицейлері де жүргізген. 2 қарашада 14 жастағы қыз жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Қыз бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп, бірнеше күнге жоғалып кеткен екен. Қызды ювеналды полиция бөлімшесінде профилактикалық есепке қойды. Ата-анасының айтуынша, ол 24 қазанда үйден кеткен, бірақ олар 9 күннен кейін ғана полицияға хабарласқан. Өтініш бергеннен кейінгі күні кәмелетке толмаған қыз Астанада жүргені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар