USD
USD
USD

Ақмола облысында жасөспірім қызды полицейлер мен еріктілер іздестіріп жатыр

Көкшетау қаласының тұрғыннан оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті. Ол 7 қыркүйегінде сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

Ақмола облысында жасөспірім қызды полицейлер мен еріктілер іздестіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.   

Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін барлық адамдардан Сәтбаев көшесі 1 "а" мекенжайындағы Көкшетау қ. БП-на немесе 8-(7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондары арқылы хабар беруіңізді сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс