USD
USD
USD

Ақмола облысында үш жасар қыз 4-қабаттың терезесінен құлап кетті

Ақмола облысында үш жасар қыз 4-қабаттың терезесінен құлап түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында үш жасар қыз 4-қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 шілдеде Қосшы қалалық полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясынан баланың төртінші қабаттың терезесінен құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Анықталғандай, 3 жасар қыз бала ересектердің қарауынсыз қалған. Кішкентай қыз қызығушылықпен терезеге көтеріліп, терезеден құлап түскен. Жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғалардың сынуы диагнозы қойылған бала Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр.

Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер ата-аналарға жас балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, маскит торларын тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға кеңес береді. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті