USD
USD
USD

Ақмола облысында теміржол вокзалынан өрт шықты

Құтқарушылар Макинск қаласының теміржол буфетінде болған өрттің алдын ала себебі ретінде пешке төгілген майды айтты. 

Ақмола облысында теміржол вокзалынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 01:33-те өрт сөндірушілерге Макинск қаласында теміржол вокзалы ғимаратының жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

«Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер ТЖ орнына келді. Барлау жүргізу кезінде «Макинка» станциясының теміржол вокзалының асханасы өртеніп, жалын шатырға қарай тарап бара жатқаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады. Бір сағат ішінде өрт оқшауланды және тағы бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді»,- деп атап өтті ведомство.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында теміржол вокзалының ғимараты құтқарылды. Құтқарушылардың айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, теміржол қатынасы да бұзылған жоқ.

«Өрттің алдын ала себебі – пешке төгілген май. Буфет қызметкерлері тамақ дайындап жатқанда абайсызда өрт шыққан. Алайда, бұл - тек алдын ала болжам ғана. Өрт орнына өртке қарсы зертханасы барды, ол кейінірек өрттің нақты себебін анықтайды», - деп толықтырды департамент.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт