USD
USD
USD

Ақмола облысында суға батып кеткен трактордың жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Ақмола облысында ағын суға батып кеткен трактор жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында суға батып кеткен трактордың жүргізушісі іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 7 сәуірде сағат 04:07 шамасында Бұланды ауданының Қараөзек ауылы маңында болды. Алдын ала анықталғандай, Макинск қаласының 36 жастағы тұрғыны трактормен Қайрақты өзенінің суы жайылған жолдан өтпекші болған. Алайда, жүргізушісі көлікті басқара алмай трактор суға кеткен.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің күштері бірлесіп, трактор жүргізушісін іздестіруде. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, құзырлы органдар жолдың осы учаскесінде «қозғалысқа тыйым салынады» жол белгісі орнатылған екі бетон блок қойылғанын айтуда.

«Қазіргі уақытта бұл ақпарат тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатын болады», - деп қосты ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе