USD
USD
USD

Ақмола облысында соңғы бір аптада 41 адамды кене шақты

  Ақмола облысында сәуір-мамыр айларында кене шағудан 368 адам зардап шекті, оның 153-і – он төрт жасқа дейінгі балалар.

Ақмола облысында соңғы бір аптада 41 адамды кене шақты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы бір аптада осындай 41 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішсі. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кене шағудан зардап шеккен 368 адамның 264-і (71,7%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды. 104 адам (27,7%) ем алмады, оның ішінде 23 адам (6,2%) екпеден бас тартқан. «Соңғы аптада кене шағудың 41 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл өткен аптамен салыстырғанда екі есе төмен (86 жағдайға аз).

Егер адамды инфеция жұқтырған кене шақса, онда ауыр дертке шалдығу қаупі бар. Оның бірі – кене энцефалиті. Бұл жедел жүйке жүйесінің зақымдалуына және мидың қабынуына әкелуі мүмкін. Тіпті адам мүгедек болып қалуы немесе қайтыс болып кетуі әбден мүмкін. Оның белгілері адамда кене шаққаннан кейін бір апта өткен соң ғана байқалады», – дейді ведомстводан. Биылғы эпидемиялық кезеңде Бурабай және Сандықтау аудандары халқының арасында кене энцефалитінің екі жағдайы расталды. Сандықтау ауданы 2018 жылдан бері кене энцефалиті бойынша эндемикалық аймақ саналады. Сол себепті санитар дәрігерлер өңір тұрғындарын орманға, табиғат аясында серуенге және демалуға барғанда сақтық шараларын есте сақтауға шақырады. Айта кетейік, Ақмола облысында ауыз су сынамасының 8,2% талапқа сай болмады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park