USD
USD
USD

Ақмола облысында пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртенді

4 желтоқсанда кешке пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртеніп, Нұр-Сұлтан - Щучье тас жолында қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Ақмола облысында пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ерекше жол-көлік оқиғасының куәгерлері өртті видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген. 

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Бурабай ауданында Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолының 212-ші шақырымында болғанын жеткізді.

"Жолдың 30 шаршы метр аумағында пиротехникалық бұйымдар тиелген DAF жүк көлігінің жартылай тіркемесінде өрт болды, салдарынан көліктің тіркемесі толығымен жанып кетті. Өрт 22.05-те ауыздықталды. Жолдағы қозғалыс сағат 22.40-та қалпына келтірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі (19 қызметкер мен төрт техника) жұмылдырылды", - деді департамент өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе