USD
USD
USD

Ақмола облысында өзінше билік еткені үшін ер адам ұсталды

Ақмола облысында өзінше билік еткені үшін ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында өзінше билік еткені үшін ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 23 қарашада Көкшетау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық орында мас ер адамды ұстады, кейін ол сол кеште бұзушылық жасағаны анықталды.

Сол күні жәбірленушіден Көкшетау қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне телефон хабарламасы келіп түсті. Жас жігіт полицияға кездейсоқ танысымен ішімдік ішкеннен кейін, ол “OPPO” маркалы ұялы телефонынан айырылғаны туралы хабарлады. Залалдың сомасы 80 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына келген аға учаскелік полиция инспекторы Нариман Нуржаксинмен сол кеште күдікті мен жәбірленуші бірқатар ойын-сауық мекемелеріне барғаны анықталды, төлемді бірлесе жүргізген, кештің соңында күдікті өтініш берушінің ұялы телефонын төлген шот үшін алып қойған.

Бейнебақылау камераларын тексеру барысында полицейлер осы кеште әкімшілік құқық бұзушылық үшін ұсталған ер адамды анықтады, тәртіп сақшылары оны медициналық мекемеге масаю дәрежесін куәландыру үшін жеткізген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 389-бабы (Өз бетінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе