USD
USD
USD

Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз 4 несие рәсімдеген

Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз төрт несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз 4 несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел 28 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында 1996 жылы туған немересі оның атына алаяқтық жолмен банктен несие рәсімдегенін хабарлады.

Алдын ала тергеу барысында 500 мың теңгеге банктік несиені бірінші рет қаскөй жәбірленушінің қатысуымен және келісімімен рәсімдегені анықталды. Ал одан кейін әжесінің жеке деректері мен фотосуреттерін пайдаланған немересі жалпы сомасы 1,1 млн теңгеге жуық теңге 4 онлайн несиені рәсімдеген.

Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазір оқып жатыр

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana

Партия төрағалары неге қатарынан ауысып жатыр?

Партиялар

Алматыда сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуациялануда

Сел

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу